RU

Тараздық кәсіпкерлер Зүлфия Габидуллинаға хан сарайындай зәулім үй салып бермек

Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зүлфия Габидуллина 26 қыркүйек күні туған жеріне келді деп хабарлайды КТК арнасы.

4 жылда бір өтетін байрақты бәсекенің жеңімпазын жергілікті жұрт әуежайдан құшақ жая қарсы алды. Жырақта үш ай жүрген чемпион қазақтың төл асы – етті қатты сағыныпты. Сондай- ақ ол енді пандусы жоқ көпқабатты үйдегі пәтеріне кіріп-шығып қиналамайтын болды. Оған жергілікті билік демеушілердің көмегімен жер үй салып беруге әуде етті.

Рио-де Жанейрода өткен паралимпиада ойындарының жүлдегерін шенеуніктер мен оның жақындары әуежайдан күтіп алды. Чемпионның келуін тағатсыздана күткен елде есеп жоқ.

Зүлфия Ғабидуллинаның есімі қазақ спорт тарихында алтын әріппен жазылатыны айтпаса да түсінікті. Бұған дейін паралимпиада ойындарында мұндай жеңіске жеткен спортшы болмаған.

Мүгедек әйел бірнеше дүркін әлем чемпионы. Алайда дәл осылай қошеметке бөленген емес. Мүмкіндігі шектеулі чемпион қазір көпқабатты үйде тұрады. Енді демеушілердің көмегімен жер үйлі болмақ.

Кәсіпкер Зүлфияға баспананы өзінің қалауына қарай салып бермек. Әрі зәулім сарайдан кем түспейді деп уәде етілген жер үй Спорт сарайының маңына түсетін болды. Яғни Ғабидуллинаның жаттығуға барып-келу жағы ескерілген. Бірақ, әзірге құрылыстың мерзімі нақтыланған жоқ. Бұған чемпион аса бас қатыра қоймады. Ол жалғыз қызы мен жақындарын қатты сағыныпты.

"Менің тойымда мұнша қонақ болған емес. Сіздерге көп рахмет. Елді, жақындарымды қатты сағындым. Ол жақтың тамағы ұнамады, етті қатты сағындым. Шынымды айтсам, қатты шаршадым. Енді үйге аман жетіп, жақындарыммен қауышып отырмын", - дейді Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина.

Белгілі болғаны банктердің бірі жеңімпазға тағы 3 млн теңге берсе, мемлекеттен әлі көк тиын алған жоқ. Өйткені паралимпиадашыларға берілетін сыйақы мөлшері әлі нақтыланбай жатыр. Егер дені сау мен мүгедек чемпиондарға үлестірілетін қаржы көлемі теңестірілсе, Габидуллинна 50 мың емес, 250 мың доллар алмақ.

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі ұсқынсыз болғаны үшін үйінен қуып шықты

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас келіншек қайтыс болды

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Қарағандыда жоғалған бойжеткен алты күн бойы үйіне баруға қорыққан

Дезодорантты жиі қолдану төстің қатерлі ісігіне соқтыруы мүмкін

Айбек Нұғымаров тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Жүрек жұтқан кейуана 100 жасқа толған күнінде парашютпен секірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263701-tarazdyq-kasipkerler-zulfiya-gabidul.html