Выйти
RU

Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты небір сұмдықтың беті ашылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мал сатып жүріп, із-түзсіз жоғалған ағайындылардың мәйіттері табылды. Сөйтсе, ірі қараға қызыққандар атпалдай үш азаматтың аяқ-қолын байлап, айдалада атып кетіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал денелерін ескі қораның ішіне мал тезегімен  көміп тастаған. Қанды қылмысқа қатысы бар күдіктілер де алысқа бармай ұсталды. Екі адам қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр. Дегенмен, қара жамылған ағайын-туыс олардың сыбайластары әлі бостандықта деген сенімде.

Бауырларының тірі екеніне сеніп, 9 күн бойы табанынан таусылып іздегендер мәйітхана алдында жүр. Таудан табылған денелерді жатпай-тұрмай тексерген сот-сараптама небір сұмдықтың бетін ашыпты.

Сөйтсе, 40 бас сиырға қызыққандар ағайындылардың аяқ-қолын арқанмен байлап, айдалаға апарып атып өлтірген.

Әрқайсысын жеке-жеке атқан

"Әрқайсысын жеке-жеке, екеуінің басынан атқан, біреуін кеуде бөлігіне атқан. Күдіктілер ұсталды. Біреуінің аты – Талғат, екіншісінің аты – Оңалбаев Мұрат деген жігіт. Таудың ішіне апарған. Сол жақта шлагбаум бар екен. Сол шлагбаумда тоқтап, бірінші Мұқиятты өлтірген, одан кейін Жарқынды өлтірген, одан кейін Қаділбекті де байлап, сол байлаған күйінде атқан", - дейді марқұмдардың ағасы Еркін Бейсеке.

Ойын іске асырған соң, мәйіттерді елдімекеннен жырақтау жердегі ескі қораның ішіне жасырыпты. Ал қандықол қарақшылардың түбіне сол ұрлық мал жеткен. Алматы облысындағы Сұраншы батыр ауылында қараусыз жайылып жүрген қаптаған сиырды бірден байқаған жұрт күдіктілерді ұстап берген. Қазір ұрылар екеу болдық дегенмен, марқұмдардың туыстары бостандықта әлі сыбайластарының барына сенімді.

Айуандықпен  қинаған

"Бірінші малын түсіріп алған, сосын атып өлтірген. Одан көмген. Айуандықпен  қинаған. Сосын өлікті малдың қиымен көміп кеткен. Бұл қылмысты бірнеше адам жасаған деп ойлаймын. Ұлдарым  2-3 адамның қолынан өлмес еді. Үшеуі де қарулы мықты жігіттер еді", - дейді марқұмдардың әкесі Тұрсын Әмірбайұлы.

Малымен қоса жоғалып, артынша өлігі табылған үш бірдей ағайынның өлімі қоғамда үлкен шу тудырып отыр. Олардың айдалада айуандықпен өлтірілгенін естіген жұрт арқаны кеңге салған аудандық ішкі істер бөлімшесінің алдында наразылық шарасын ұйымдастырған болатын.

300-400 адам көтерілгеннен кейін барып 2-ақ адамды ұстап отыр

"300-400 адам көтерілгеннен кейін барып 2-ақ адамды ұстап отыр. Ол 2-3 адамның қолынан келмейді. Біздің Қаділбегіміз бауырымыз өзі төрт адамға шамасы жететін жігіт. Қалай байласа да",- дейді марқұмдардың ағасы Әутен Әбілмәжитұлы.

Бір апта бойы көң арасында жатып қалған мәйіттер бұзыла бастаған. Оларды айқай-шумен әрең дегенде таптыртқан туыстары жер қойнына тапсыру үшін дереу ауылдарына алып кетті.

Қаза болған ағайынды 3 жігіттің артында 8 бала жетім қалды

Қаза болған ағайынды 3 жігіттің артында 8 бала жетім қалды деп хабарлайды 31 арна. Кенеттен әкелерінен айырылып қалған марқұмның балалары қылмыскерлер ең ауыр жазаға тартылса дейді.

13 жастағы Жалын - қаза болған Жарқынбек Долданның тұңғышы. Әкесі жоғалған сәттен бастап Жалын бірден есейе түскен. 9 жастағы Ділнәр мен 4 жастағы Іңкәрға өзі бас-көз болып жүр.

Дәл осы қайғылы оқиғада қайтыс болған Мұқият марқұмның да артында бұғанасы қатпаған 3 бірдей  баласы жетім, ал жары  жесір қалды. Оның тұңғышы 10 жаста, Қымбат есімді қызы бесте, ал Нұрлаты небары 3-те екен.

Мүмкіндігінше көмек болса дейміз

"Екеуінде 3 бала, біреуінде 2 бала. Сегіз бала қалды. Екі кәрі қалды. Кәрінің біреуі далаға кіріп шығады, біреуі мүлдем кіріп шыға алмайды, мүгедек болып қалған. Осы жөнінде әкімшілікке мүмкіндігінше көмек болса дейміз", - дейді марқұмның туысы Қазез Тоқа.

Марқұмдардың туыстары қанға қан, жанға жан деп ашынып отыр. Алайда елімізде өлім жазасы мүлдем қолданылмайды. Қазір жергілікті әкімдіктегілер де қолдан келгенше қол ұшын беріп, жәрдемдесуде.

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі ұсқынсыз болғаны үшін үйінен қуып шықты

Ақтөбе облысында көршісі аяусыз зорлаған жас келіншек қайтыс болды

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Қарағандыда жоғалған бойжеткен алты күн бойы үйіне баруға қорыққан

Дезодорантты жиі қолдану төстің қатерлі ісігіне соқтыруы мүмкін

Айбек Нұғымаров тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Жүрек жұтқан кейуана 100 жасқа толған күнінде парашютпен секірді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты небір сұмдықтың беті ашылды (фото)