Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаева: Арманымдағы еркекті жолықтырдым (фото)

Опубликовано:

Танымал проюсер Баян Есентаева өзі армандаған еркекті кездестірді.

Бұл туралы продюсер Instagram  парақшасында жазды. Әрине, оның мұнысы қалжыңға толы жазба екені көрініп тұр. Себебі Есентаева желі қолданушыларының болжамы бойынша қандай да бір қонақүй немее мейрамхананың есік алдында қонақтарды күтіп алатын қызметкерімен түскен фотосын жүктеген.

Продюсердің бұл әрекетін қолданушылар қалжыңға балап, оның ертерек сауығып кетуін тіледі. Дегенмен, арасында жазба авторының көңіліне тиетін ауыр сөздер жазғандары да бар.

Айта кетейік, Баян Есентаева қазіргі таңда танымал тележүргізуші Динара Сәтжан және дизайнер Аида Кауменовмен бірге Үнді елінде ем қабылдап жүр. Есентаева желі парақшасында медициналық мекемедегі палатаны видеоға түсіріп,   ыңғайлы ем қабылдағысы келетіндер үшін кеңес берді.

«Егер сіз ыңғайлы ем қабылдағыңыз келсе,  өзіңізді жақсы көрсеңіз,  бұл қарапайым палаталардың бірі...»  деп өзі түсірген видеоны бөлісті. Өз сөзінде өнер иесі бұл елдегі емді алу үшін жақсы табыс табу қажеттігін де ескертті.

Естеріңізде болса, продюсер 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында  күйеуінен ауыр соққы мен пышақ жарақатын алып, жансақтау бөліміне түсті. Оның жолдасы Бақытбек Есентаев оқиға орын алған күні мас күйде болған. Ол кінәсін мойындап, уақытша қамауға алынды.

14 қыркүйек күні Бақытбек Есентаевтың алғашқы сот отырысы өтті. Айыпталушының қорғаушысы тілшілерге оның қызы Айсәуле сотта әкесін қорғайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, продюсер жуырда тележүргізуші Динара Сәтжанға қанды оқиғадан кейін эксклюзивті сұхбат берді.

Өз сөзінде Есентаева жанына бес метр жақындаған кез келген ер адамнан шошитынын айтып, ағынан жарылды. Үнді еліндегі ем продюсердің бұл  күйзелісін ұмытуға септігін тигізген секілді. Себебі Есентаева желі парақшасында ірі денелі «швейцар» қызметкері және тағы да бір ер азаматпен түскен фотосын жария етті. 

Тағы оқыңыздар:

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шымкент әкімі көпшілікке алғаш рет әйелін көрсетті (фото)

Жаңа көйлек киген Мәдинаны оқырмандары тауыққа ұқсатты (фото)

Дезодорантты жиі қолдану төстің қатерлі ісігіне соқтыруы мүмкін

Айбек Нұғымаров тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Жүрек жұтқан кейуана 100 жасқа толған күнінде парашютпен секірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1263781-bayan-esentaeva-armanymdaghy-erkekti-zh/

pixel