RU

ОҚО-да аудан әкімі таяқ жеген соң бірнеше шенеунік қызметінен кетуі мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімінің басына бөтелкемен ұрған даулы оқиғаның салдарынан бір топ атқамінер өз арыздары бойынша қызметінен кеткелі жатыр.

Бұл туралы сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасаған oinet.kz хабарлайды.

Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қамытбек Айтөреев пен Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Бұлтбай Мүтәлиевтің де мәселесі алдымен облыстық деңгейде, одан Астанада майшаммен қаралған.

Естеріңізге сала кетейік, Шардарадағы шатақ іс 1 қыркүйекте—Білім күнінде орын алған. Осы күні аудандағы жаңадан салынған білім нысандарының салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, лента қиған бір топ атқамінерлердің Шардара су қоймасының жағалауындағы «Алтын жағалау» демалыс орнына барып, қуанышты жағдайды өздерінше атап өтуінің ақыры абыройсыз оқиғаға жалғасқаны жайлы бұған дейін де ақпарат құралдарында айтылды.

Бірі аудандық, енді бірі облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев пен Бұлтбай Мүтәлиевтің сол күнгі лента қиған салтанатты жиындарда арқан-жарқа жүргені ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде әбден жарнамаланды.

Қамытбек Айтөреев мәсхатшылыққа дейін дәл осы ауданды басқарып, дәл осы өңірден сайлауға түсті. Ал Мүтәлиев бірнеше жылдары бойы аудан әкімінің орынбасары болған азамат. Бұл екеуінің жұртқа жаға ұстатқан жағымсыз оқиғаға ешқандай байланысы болмаса мәселелері майшаммен қарала ма?

Осынау елді дүрліктірген сойқанға қатысты қаншалықты кінәсінің бар-жоғына қарамастан таяқ жеген аудан әкімі Арман Абдуллаев та қызметімен қош айтыспаса, ар-ожданға да, мемлекеттік қызметтің этикасына да сай келмейтіні даусыз. Қызметімен қош айтысатын болып арыз жазғандардың арасында Арман Абдуллаевтың да бар екенін естідік.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1263902-oqo-da-audan-akimi-tayaq-zhegen-sonh-birne.html