RU

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қаза болған ағайындылардың бірінің ән айтып отырған видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Youtube желісіне жүктелген  видеода ер адам адам алаңсыз туған жеріне деген ыстық ықыласпен ән орындап отыр. Qamshy.kz сайтының мәліметіне сәйкес, ондағы дастархан басында ән салған азамат - жақында қандықол қылмыскердердің қолынан қаза тапқан үш ағайындының бірі Қадылбек Әлімханұлы.

Еске салсақ, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Видео: " rel="nofollow">Ақбота Мұсабекқызы

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264078-uzynaghashta-qaza-bolghan-aghayyndylard.html