RU

Шенділердің қысымынан соң жұлдыздар салық төлей бастады

Отандық эстрада жұлдыздары мемлекетке салық төлей бастады деп хабарлайды "Айқын" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жүргізген түсіндіру жұмыстарынан соң, әншілер салық төлей бастаған.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша Айбек Жансейітов (әнші Бүркіт), Ділназ Ахмадиева мен Әли Оқапов жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы бірнеше ай ішінде ғана Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib) 921 423 теңге, Даут Шайхисламов 749 427 теңге, ал Айқын Төлепберген 407 950 теңге көлемінде салық төлеп, мемлекет қазынасын толықтырған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін алматылық салық органдары Бүркіт, Луина, Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева сынды әртістерді салық төлеуден жалтарды деп айыптап, олардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264090-otandyq-zhuldyzdar-memleketke-salyq-t.html