RU

Талдықорғандық шенеунік 3 млн-ға жуық қаржыны қалтасына басқан

Алматы облысының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Талдықорған қалалық білім беру бөлімінің басшысы Б. Тұрысбековты ұстады.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Тұрысбеков қаладағы жалпы білім беру мектептерінің хоккей алаңдарын құрастыру мен монтаждаудың шарттарында көрсетілген сомаларды негізсіз арттыру арқылы 2,7 млн теңгеден астам ақшаны жымқырған.

Қазіргі уақытта ол Талдықорған қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Шымкент қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Кенжеқұловты ұстады. Б.Кенжеғұлов өз қызметін пайдаланып, тұрғын үйді қолданысқа қабылдау актісін тіркеу үшін жеке тұлғадан 280 мың теңге пара алған.

Қазіргі уақытта Б.Кенжеқұлов Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері жөнінен агенттік.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264200-taldyqorghandyq-sheneunik-3-mln-gha-zhuyq-q.html