RU

Араб әйелдері жаппай күйеулеріне қарсы шыға бастады

Азиза Әл-Юсуф Сауд Арабиясындағы мұсылман әйелдердің проблемасын жиі көтеріп жүрген белсенді келіншектердің бірі.

Бұл жолы ол күйеуінің рұқсатынсыз қыз-келіншектердің іс-әрекетін шектейтін бірқатар шариғат нормаларын алып тастауды көздейтін петицияға 14 мың қол жинаған деп хабарлайды baq.kz.

Құжат үкіметтің қарауына жіберілді. Қазіргі қалыптасқан дәстүр бойынша, әйел адам некелесу немесе ажырасу туралы шешім қабылдай алмайды, қамқорлыққа алған ер адамның рұқсатынсыз білім алуға құқығы жоқ, жұмысқа орналаса алмайды, шетелге шығып саяхаттау үшін де қамқоршысының келісімін алуға міндетті. Көп жағдайда қамқоршысы дегеніміз – әкесі, күйеуі немесе ағасы.

Ең сорақысы, қамқоршысының рұқсатынсыз әйел адам пәтер жалдамақ түгілі, тіпті, өзіне ота да жасата алмайды екен.

Осынау шектеулерге тосқауыл қою үшін қол жинау интернет желісі арқылы қарқынды қолдау тауып келеді.

ВВС-ге сұхбат берген қоғам бесендісі Азиза Әл-Юсуф өзі баскөз болған бастама үлкен қолдау тапқанына қуанып, қандайда бір оң шешімнің қабылдануына септігін тигізеріне сенім білдірді.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264238-arab-ayelderi-zhappay-kuyeulerine-qar.html