RU
Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Рассказать Вконтакте

Соңғы екі жылда Астана көшелерінде кәсіби бала тасымалымен айналысатын адамдар пайда болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы «Нұр Орда», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», №82 «Дарын» лицейі, Республикалық физика-математика мектебінде оқитын оқушылардың ата-аналары бұл қызметке жиі жүгінетін көрінеді.

"Ата-аналар қатарында қалталы азаматтар мен танымал жұлдыздар бар", - деп мәлімдеді компания басшысы Мақсат Мәдениетұлы.

Бір баланы тасымалдау құны айына 23 мың теңге. Екінші балаға 30 % жеңілдік қарастырылыпты. Оқушыларды қала шеңберінен тыс жерлерден тасымалдау қарастырылмаған.

Бұл кәсіпті бастауда кәсіпкер көп ойланбаған. Баласын тасумен айналысқан компанияның қызметі көңілінен шықпаған соң, аталған кәсіпті өзі дөңгелетуге бел буған.

Кәсіпкер биыл тапсырыс берушілердің қатары алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есе өскені байқалғанын айтты.

"Біздің халық пунктуальный емес деп сөгеміз. "Беске шақырса, алтыда келеді" деп айыптайтынымыз бар. Тіпті, "жұмысқа да кешігіп келеді" деп жазғырамыз. Меніңше, кешігудің себебі қазақтың бала-шағасы көп, шүкір. Сол бала-шағасының біреуін балабақшаға, бірін мектепке, енді бірін үйірмеге тасып бітем дегенше уақыт өтеді де, жұмысқа кешігіп қалады. Менің басымда да сол жағдай болған. Енді баланы мектепке апаруды кəсіби бала тасымалымен айналысатын компанияға тапсырғасын, жұмысқа кешікпейтін боп жүрмін. Расымен. Міне, ұлым Ерекеңді шығарып салып үйде алаңсыз шəй ішіп отырмын", - деп жазды Қанат Әуесбай  өз парақшасында.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

 

Сіздің реакцияңыз
4
3
4
1
0
32
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel