RU
Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Рассказать Вконтакте

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыс пен оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп жазады egemen.kz.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік пен шығыста және орталықта үсік жүруі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші үдей түсіп, секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Оңтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

 

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
4
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel