RU

Сал ауруына шалдыққан қазақ қызы жартылай жалаңаш суреттерін жариялады

Сал ауруына шалдыққан қазақ қызы жартылай жалаңаш суретке түсіп, олар ер адамдарға арналған Gagarin.tm басылымында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сал ауруына шалдыққан Камилла Шоқанованың әлеуметтік желідегі оқырмандары мыңдап саналады. Атышулы Камилла өз көрермендерін қайтпас қайсарлығымен таңқалдырған. Ол желідегі парақшасына үнемі айрықша ойлар айтып, қоғамда болып жатқан даулы мәселелерге үнемі үн қосып отырады. Енді, міне ол желіге өзінің жартылай жалаңаш суреттерін жариялап, оқырмандарын тағы да таңқалдырып отыр. NUR.KZ порталы назарларыңызға дертіне қарамастан өмірден тек жақсылық іздейтін қыздың суреттерін ұсынып отыр.

"Әрбір адам айрықша тұлға. Мен эротиканы жақсы көрем. Иә, әйел адамның сұлулығын ұнатамын.  Vogue Italia басылымында жұмыс жасайтын фотограф бірде маған өзіңнің ішкі жан жүниеңді тыңда деп кеңес берді. Мен оның айтқанын орындадым",- дейді ол.

"Біреу үшін мен ұсқынсыз болармын, бірақ менімен көзқарасы дөп келетін жандар бар. Мен жан дүниемді ашып көрсететін суреттерімді жақсы көремін", - деген ол көрермендерге тәнін көрсетудің еш сөкеттігі жоқ деп санайды.

 

"Жаңымды тыңдап, өз өзіммен сөйлесуді жақсы көремін", - дейді ол.

Естеріңізге салсақ, сал ауруына шалдыққан қыз бұдан біраз уақыт бұрын өзі секілді науқас жандарға көмектесу қажеттігін айтып, оларды ауруымен күресуге шақырған болатын. Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне тәнті болып, оны "қайсар" қыз деп атаған.

Тағы да оқыңыздар:

Көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің қылығы жұрттың ашуына тиді (фото)

Ұзынағашта қаза болған жігіттің айтқан әні көпшіліктің жүрегін елжіретті

Шымкенттіктер ойлап тапқан жаңа қалыңмал түрі Қазнетті шулатты

Оқырмандар Майра Мұхамедқызын Дженнифер Лопеске теңеді (фото)

Аллотей: Қазақстанға Қанатты нокаутқа жіберіп, белбеуін тартып алу үшін барамын

Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264291-sal-auruyna-shaldyqqan-qazaq-qyzy-zhart.html