RU
Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында аяусыз өлтірілген ағайындылардың жерлеуіне жүздеген адам жиналды. Ағайындылардың жақындары қоғамнан жағдайды ушықтырмай, полицейлердің тергеу жүргізуіне мүмкіндік беруді сұрады. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ағайындыларды жер қойнына тапсыруға өзге қаладан келіп жатқандар да болды. Қайғыларына ортақтасуға келгендер арасында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев, Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ және өзегелер бар.

«Құрметті ағайын-бауырлар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қайғыларыңызға ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтуда. Бұл бәрімізге ауыр тиген үлкен қайғы. Бауырларымызды соңғы сапарға абыроймен шығарып салу - біздің міндетіміз. Бекем болыңыздар», - дейді Сарыбаев.

«Қылмыскерлер ұсталды, енді олардың тағдырын мемлекет пен құқық қорғау органдары шешеді. Екі азамат құрықталған, олардың фотоларын өз көзіммен көрдім. Тергеу әлі ұзаққа созылары анық», - дейді қоғамдық белсенді Еркін Бейсекеұлы.

Еске салсақ, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Жарқынбек Долданұлы (1979 жылы туған), Мұқият Зарлыханұлы (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Сіздің реакцияңыз
7
12
3
59
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel