Выйти
RU

Қарағандыда көлігімен қоса аударылып қалған полицей тіл тартпай кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының трассасында аударылған Toyota Land Cruiser автомобилінде полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Апат 25 қыркүйекте Ұлытау ауданында орын алды.

«Алдын ала болжам бойынша, 26 жастағы Toyota Land Cruiser автомобилінің жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай жыраға аударылды. Салдарынан 28 жастағы жолаушы, полиция сержанты алынған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Оның сөзіне қарағанда, полицей азаматтық формада болған.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал ҚР ҚК 345 бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты Б. Құдияров.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде көлік мінген әйелдерге белгісіз адамдар шабуыл жасап жатыр

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Сағадиев келер жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болатынын айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда көлігімен қоса аударылып қалған полицей тіл тартпай кетті