RU

Қазақстанда ең жиі ұрланатын көліктер қандай?

Биыл Қазақстанда 570-тен астам көлік ұрлығы тіркелді. Олардың ішінде ресейлік «ВАЗ» бен жапондық «Тойота» маркалы автокөліктер жиі ұрланған.

Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«2016 жылдың 8 айында Қазақстанның Республикасының Ішкі істер органдарында 574 көлік ұрлығы тіркеліп, оның 61-і сотқа жолданды. Ал 99 факті бойынша келтірілген шығын толығымен өтелді», - дейді министрлік өкілдері.

Ведомство мәліметінше, соңғы кезде ұрылар автокөлікке кірудің жаңа әдістерін тауып жатыр. Осы ретте компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктері қолданылуда. Бұрын терезені сындыру және автокөлік есігін сәйкес кілттермен ашу әдістері көп кездесетін еді.

«Автокөліктерді ұрлау оқиғаларына жүргізілген талдауға сүйенсек, жыл басынан бері Ресей өндірісінің «ВАЗ», сонымен қатар жапондық «Тойота» маркалы автокөліктер жиі ұрланған», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде көлік мінген әйелдерге белгісіз адамдар шабуыл жасап жатыр

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Сағадиев келер жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болатынын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264633-qazaqstanda-enh-zhii-urlanatyn-qanday-k.html