RU

Полицейдің ит терісін басына қаптаған атыраулық әйел 60 сағаттық жұмысқа жегілді

Атырау облысы Мақат ауданында тұратын әйел полиция қызметкерін балағаттағаны үшін 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына кесілді деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Мақат ауданы прокурорның орынбасары Мақсат Шариповтың хабарлағанындай, Мақат аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері түн жарымда беймезгіл жүрген 15 жастағы жасөспірімді ұстаған болатын. Кейін оның анасы АІІБ ғимаратына келген кезде хаттама толтырып жатқан полицияның абыройына нұқсан келтіретін сөзбен балағаттайды.

Айғай-шу шығарып, полицияның тегіне тіл тигізіп, дене бітімі мен түр келбетіне қатысты «аяғы қисық неме», «сен жезөкшесің» сияқты ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-тармағымен («Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау») қылмыстық іс қозғалды.

Мақат аудандық соты сотталушы әйелді кінәлі деп танып, оның жалғызбасты ана екенін, материалдық жағдайын және бұрын сотталмағанын ескеріп, 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264684-policeydinh-terisin-basyna-qaptagha.html