RU

Парижде лыпасыз жүргенді жақсы көретіндерге арнайы саябақ салынбақ

Париж басшылығы келер жылдың жазында тыр жалаңаш жүргенді ұнататын адамдарға арналған саябақ салуы мүмкін деп хабарлайды reactor.inform.kz порталы.

Дүйсенбі күні Париждің заң шығару органдары осы жобаға дауыс беріпті. Себебі елде киім-кешекке оранбай, лыпасыз жүргенді жақсы көретіндер көп екен. Экологтардың айтуынша 2 миллион француз азаматы натуризмді (неғұрлым табиғатқа жақын болу) қолдайды екен.

Жергілікті тұрғындардың сұранысын ескерген қала басшылығы да ендігі кезек лайықты орын таңдау екенін айтып отыр. Таңдау Париждің екі негізгі орманы – батыстағы Булон орманына немесе шығыстағы Венсен орманына түсуі мүмкін.

Сол себепті де «қоғамдық тәртіпке төнер қауіп жоқ» дейді басшылар.

Тағы да оқыңыздар:

Өскеменде даун синдромына шалдыққан жігіт табылмай жатыр

Ашық-шашық киінетін отандық әнші хиджаб киіп, мұсылмандық қабылдады

Өзбек қақпашысы соққан гол футбол жанкүйерлерін тамсандырды (видео)

Қазақстан мен Украина арасында ұшаққа қатысты дау шықты

Айнұр Тұрсынбаеваның сөйлесу мәнерін зардап шегуші тарап ұнатпай қалды

Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банк тонамақ болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1264705-parizhde-adamdar-tyr-zhalanhash-zhuretin-s.html