Выйти
RU

Түркіменстан арзан темекінің бір қорабын 17 доллардан сатып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда арзан темекінің бір қорабы 17 доллардан сатылуда деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Түркіменстанда жекеменшік дүкендерде темекі сатуға тыйым салғанына үш ай өтті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында президенттің бұйрығымен Түркіменстанның сыртқы экономика және сауда министрлігі ғана темекіні елге әкеліп, оны таратуға құқығы бар.

Алайда жаз айының басынан бері мемлекеттік дүкен сөрелерінен темекі бірден жойылды. Бүгінгі күні темекі саудасы астыртын жеке қолдарға өткен. Екі апта бұрын бір қорап темекі 40-50 манатқа сатылған болса, бүгінгі күні құны 55 манатқа жеткен.

Түркіменстанның солтүстігіндегі Дашогуз қаласында Mond маркалы темекінің бағасы 60 манат ($17) болса, кешкісін 65 манатқа көтеріледі екен. Ауылды жерлерде ең арзан темекі бір қорабы үшін 57-60 манатқа сатылады екен.

Астыртын саудадағы темекінің дені Ресейден әкелінеді.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда көлігімен қоса аударылып қалған полицей тіл тартпай кетті

Ақтөбеде көлік мінген әйелдерге белгісіз адамдар шабуыл жасап жатыр

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды (фото)

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында үсік жүреді

Астанада шенеуніктер мен жұлдыздардың баласын сабаққа таситындар пайда болды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркіменстан арзан темекінің бір қорабын 17 доллардан сатып жатыр