RU

Ақтөбелік қажы жалақысын сұраған жұмысшыларды есекке теңеді

Ақтөбеде орталық мешіттің әкімшіcі қарамағындағыларды есекке теңеді. Жақында ғана қажы атанған Бақыткерей Балкенов жалақыларын сұрай барғандарға осылай ақырып, қуып шығыпты.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

"Енді «есекбас» деп сөз айтып қалып едім сол ғой. Соны жазған ғой. Мен де кешірім сұрадым. Мешіттің ауласында болған жайт қой", - дейді Ақтөбедегі орталық мешіттің әкімшіcі.

Алла үйінің әкімшісінен қарапайым жұмысшылар мұндайды мүлдем күтпеген. Сондықтан «Нұрғасыр» мешітінің отын жағып, ауласын сыпырып жүрген үшеу бірден сотқа шағымданды. Әйтсе де араға басқа имамдар түсіп, жәбірленушілер райынан қайтқан.

Сөйтіп, айлықтарын санап беріп, соттағы іс те тоқтатылды. Дегенмен, Бақыткерей қажыдан балағат сөз естіген екі жұмысшының мешіттегі қызметтеріне қайта барғысы жоқ. Көңілдері қалған олар жұмыстан шығуға арыздарын жазып үлгеріпті.

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265114-aqtobelik-qazhy-zhalaqysyn-suraghan-zhum.html