RU

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев апта соңында ауруханадан шығуы мүмкін. Бұл туралы «РИА Новостиге» сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі уақытта жүрек аритмиясымен байланысты түйіткіл толығымен жойылды. Дәрігерлер Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы анағұрлым жақсарғанын атап өтті. Олардың ұйғарымы бойынша, президенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, оны осы аптаның соңында шығаруы мүмкін», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, 2008 жылы болған улану оқиғасынан кейін президентке Түркияда ота жасалған. Дәрігерлер осы сырқатқа байланысты да медициналық алдын алу шараларын өткізді.

Еске салайық, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатысу үшін Бішкектен Нью-Йоркқа ұшып шыққан Атамбаев, өзін нашар сезініп, АҚШ-қа сапарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265127-zhuregi-syr-bergen-atambaev-aurukhanad.html