RU

Назарбаев келеді деп жанталасқан қызылордалық шенеуніктердің әрекеті жұрттың ашуын келтірді (фото)

Қызылордалық шенеуніктер президенттің сапары қарсаңында жергілікті атқамінерлер шаһардың кемшіл тұстарын жасырып әлек деп хабарлайды КТК арнасы.

Тек жақсы қырынан көрінуді қалайтын олар құлағалы тұрған үйлердің сыртын жартылай бояп, жол бойындағы ескі ауылды мүлдем қоршап тастапты. Қазір көше жақ беті бүтінделгенмен, іші адам шошырлық.

Қызылорда шетіндегі бұл үйлерді көрсең күлкің келеді. Сыртын жалқау жұмысшылар сырлап кеткендей кейіпте. Үйлердің тек көше жақ бетіндегі бір қабырғасын бояп кеткен. Сөйтсек, президентті қарсы алуға асыққан шенеуніктер құрылысшыларға көзге қораш көрінетін нысандарды жылтыратып қоюды тапсырыпты. Осылайша сырты бүтінделгенмен үйлердің қабырғалары сөгіліп, төбесі құлағалы тұр. Бірақ оған атқамінерлердің бас қатырғысы жоқ.

"Президент келеді деп апыл-ғұпыл жөндеп жатыр. Артын көрдіңіздердерші. Елді алдап отыр ғой. Көзбояушылық дейді мұны. Істей ме бәрін істесін бастан-аяқ. Істемесе қою керек", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Кәмила Жолаева.

Қызылорда сапары барысында президентті Титов қыстағы маңындағы әйнек зауытына апару жоспарланған екен. Енді жолай сұрқы қашқан ауылды мәртебелі мейманға көрсетпеуге үшін әкім-қаралар барын салып жатыр. Ол үшін тіпті ауылды қаңылтыр дуалмен қоршап тастаған.

"Асфальт жоқ, көшенің сиқы мынау. Үйлер дұрыс түспеген. Сол президенттің көзіне түспесін деген ғой. Апат көп болады мына жерде. Бұның алдын-алатын ешкім жоқ", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Жаршыбек Алдабергенов.

Жаманын жасыруға жаныққан жергілікті әкімдіктегілер тілшілерге де бұл қылықтарын түсіндіретін уақыт таппады. Жұрттың уәжіне тіпті құлақ асқылары да жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265164-nazarbaev-keledi-dep-zhantalasqan-qyz.html