RU

Жолдың қарсы бетіне шыққан троллейбус жүргізушісінің әрекеті Қазнетті дүрліктірді

Жолдың қарсы бетіне шыққан троллейбус жүргізушісінің өзге жүргізушіге балағат сөз жаудырғаны жұрттың ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видео Instagram желісіндегі krutye_agashki парақшасына жарияланған. Видеоны түсіріп тұрған азамат 12 троллейбус жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін айтуда. Жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты троллейбус жүргізушісін желі қолданушылары сынға алды.

"Ол троллейбус ішіндегі адамдардың өміріне жауапты ғой, заңды бұзуға қақысы жоқ", - деп жазған пікір қалдырушы.

Дегенмен, айқайға басқан троллейбус жүргізушісін жақтайтындар да табылды.

"Жол бере салса, еш жері түсіп қалмайды ғой, әйелмен әйел болып, салғаласып тұрғанша", - деп көлік жүргізушісін сынады желі қолданушыларының бірі.

"Заң бәріне ортақ, сот алдына барғанда қарамайды ғой, әйелсің бе, еркексің бе", - деп оған жауап қатты өзге қолданушы.

Желі қолданушылары бұл жайт Алматыда болған деп топшылады.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265202-zholdynh-qarsy-betine-shyqqan-trolleybu.html