RU

Алтынбек Қоразбаев сынның астында қалған Ninety One тобына жақтасты

Танымал продюсер көпшілік тарапынан үлкен дауға іліккен атушулы топқа қатысты өз пікірін айтып, оларды қолдайтынын мәлімдеді деп хабарлайды "Инсталайық" бағдарламасына сілтеме жасап "Жұлдыздар әлемі" басылымы.

Біраздан бері сынға ұшырап, қоғамда екіұшты пікірлер тудырған Ninety One тобына қатысты көптеген танымал тұлғалар пікір білдіріп, бірі қолдап, екіншілері даттаған еді. Заттыбек, Асхат Тарғын, Сәкен Майғазиев, Төреғали Төреәлі мен Ринат Зайытовтар топ өкілдерін "шектен шыққан" деп атап, оларды қазақ эстрадасынан көргісі келмейтіндіктерін айтқан. Бірақ, қазақ сазгерлік өнеріндегі бірегей тұлға көпшілікті өзінің айрықша пікірімен таң қалдырды. Ол топ жігіттерін қолдап шығып, "өмірдің ағынынан" қалмау керектігін басып айтты.

"Сырға тағудың несі бар. Сырға тақса кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Менің мына оң құлағым тесік, мінеки. Кішкентай кезімде менің өзімнің туған әпкем, ұзақ жасасын деп сырға таққан маған. Мен үйдің кенжесімін. Мен ол сырғаны төртінші сыныпқа келгенде алып тастадым. Ештеңе жоқ. Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып жібер деген нәрсе ол болмайды. Айтсын. Еуропадан қалып қоюға болмайды еш уақытта. Айтып отырмын ғой, өмір өзен. Өмір өзенннен қалып қоймай, бірге ілесу керек", - деді композитор.

Топ жігіттерінің шаш бояғаны да танымал сазгерді таң қалдырмайды екен. "Шаш бояса боясын, ештеңе жоқ", деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Отандық танымал тұлғалардың тоқалдары

Тоқаев: Алматы облысында үш ағайындының мал үшін өлтірілуі - қасірет

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Ақтөбелік дәрігер "Дипломмен ауылға" барып аяусыз зорланған бойжеткеннің қазіргі жағдайын айтып берді

"Әйел бақытына" келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265234-altynbek-qorazbaev-synnynh-astynda-qa.html