RU

Перу тұрғындары сиқыршы әйелді тірідей өртеп жіберді

Перуде дуагерлік жасады деп айыпталған 73 жастағы кейуананы тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Бастапқы дерекке сенсек, үндістер 73 жастағы Роза Вильяр Хариониканы адамдарға дуа жасады деп айыптап, оны өртеп өлтіру жөнінде шешім қабылданған. Үкім шығаруға 40 адам қатысса соның көпшілігі өлім жазасын құптаған. Үкімді жергілікті көсем қолдап, ол туралы қауымның журналына жазба қалдырған.

Өңірдің прокуроры Пуэрто-Бермудес Уго Маурисионың айтуынша, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Амазонка орманында өмір сүретін Ширингамату Альто (Shiringamazu Alto) қауымында болған.

Қауым мүшелері әйелдің қол-аяғы байлап, үстіне қураған шөп пен ағаш үйіп, сосын бензин құйып өртеп жіберген. Олар сонымен бірге жаза орындалған сәтті ұялы телефонға да түсіріп алған.

Ал айғақтың көзін жою үшін қауым мәйітті үш күн өртеген. Алайда сол жерге келген полиция марқұмның бірнеше сүйегін тауып алды.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265335-peru-turghyndary-siqyrshy-ayeldi-tirid.html