RU

Шымкентте "Газель" мен "Ауди" көлігі соқтығысып өртеніп кетті (видео)

Шымкенттегі ірі көшелердің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алып, оның соңы өртке ұласты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін таңғы уақытта орын алған. Куәгерлердің айтуынша, «Газель» жүк көлігі "Ауди С4" маркалы тұлпармен соқтығысқан. Арғынбеков пен Бәйдібек би көшелерінің қиылысында орын алған көлік апатынан соң аспан көк түтінге оранған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, өрт шыққаны туралы хабар сөндіруші қызметке таңғы сағат 08:56-да келіп түскен. Төтенше жағдай қызметі 09:08-де оқиға орнына келіп жетіп, сағат 09:50-де алапат өрт толықтай ауыздықталды.

Оған құрамында 11 өрт сөндірушісі бар екі техника жұмылдырылған. Абырой болғанда, зардап шегушілер тіркелмеген.

Видеоны куәгерлер түсіріп алған

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265415-shymkentte-gazel-men-audi-koligi-soq.html