RU

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

Жұлдыздардың шашын әрлеумен айналысатын шаштараз-стилист Мәдина Сәдуақасова талап қоюға келгенде қатігезденіп кететінін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Шаштараз-стилист Балнұр Қуантай "жұлдыздардың" сәнді образдарын жасаумен 5-6 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша, ол әншілердің түрлі мінезімен де, қызық қылықтарымен де күнделікті ұшырасады.

Жұлдыздардың арасында кеңінен танылған стилист үшін Айгүл Иманбаевамен жұмыс істеген қиынға соғады екен. Айгүл өзінің кекілін жөндеуге келгенде үлкен талап қояды екен.

"Айтады, маған әлі ұнамай тұр. Тағы да өзгерт. Болмай бара жатса, фенді, тарақты алады да, кекілін өзі жасап тастайды", - дейді ол.

Әншілердің түрлі талаптарын қанағаттандыруға тырысатын стилист Мәдина Сәдуақасованың да талап қоюдағы қатаңдығын жайып салды.

"Маған бұлай ұнамай жатыр, өзгерт немесе басқасын жаса деп айтады. Себебі ол өзінің талабы. Ол кезде қатты қатігез болады", - дейді ол.

Сонымен бірге, стилист Баян Есентаева және оның қыздарымен жұмыс жасаған ұнататынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265442-madina-saduaqasovanynh-stilisti-anshi.html