RU

Қазақстан "отыздық" деп ұрандатып жүріп, "елуліктен" шығып қалды

Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру - басты мақсат деп ұрандатқан Қазақстан билігі енді бұл мақсатына жақын уақытта жете алмайтын секілді.

Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлейтін рейтингте біздің ел бірден 11 сатыға төмендеп, 53-орынға дейін төмендеп түсіп кетті деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

"Бәсекеге қабілетті елдердің жаһандық индексі" бойынша жасалған рейтингтің бірінші сатысын әзірге Швейцария ешкімге берер емес. Екінші орында - Сингапур, ал үздік үштікті АҚШ қорытындылап тұр. Алғашқы ондықта Нидерланды, Германия, Швеция, Жапония, Гонконг және Финляндия секілді өркениетті елдер бар.

ТМД елдері арасында ең жоғары орында Эстония орналасқан - 30-орын. Мұнан кейін Литва (35) және Әзірбайжан (37) тұр. Былтыр бізден қалып қойған Ресей Федерациясы екі сатыға жоғарылап, 43-орынды иеленіпті. Тәжікстан - 77, Армения - 79, Украина - 85 және Қырғызстан 111-орында.

Айта кетейік, бәсекеге қабілетті елдердің тізімінде Қазақстан былтыр 140 елдің ішінде 42-орынға жайғасқан болатын. Бұған қанағаттанбаған ел билігі "отыздыққа" енуді мақсат етті.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265465-qazaqstan-otyzdyq-dep-urandatyp-zhuri.html