RU

Алматы облысында екі ай бұрын мал іздеуге шыққан азамат табылмай жатыр

Алматы облысы Ақсу ауданы, Қопа ауылының тұрғыны Абай Асубайұлы 1-ші тамызда мал іздеуге кетіп, содан оралмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлдарының амандығын тілеген ата-анасы әлі күнге Абайдың не тірі, не өлі екенін білмей дал.

Абайдың әкесі мал іздеуге кеткен ұлының соңғы рет «Дайын» шаруа қожалығының маңынан қоңырау шалғанын айтады.

«Қоңырау шалды, шешесіне. Мені сұрапты. Сол кезде маған телефонды алып келгенше өшіп қалды. Сағат 18:20-да телефон сөнді, содан кейін ұлымыздан айырылып қалдық. Өлтіріп кетті ме, лақтырып кетті ме, соны тексере алмай жатыр. Сол көрші қыстақтан күдіктеніп отырмыз, «Дайын» шаруа қожалығынан. Себебі, сол маңнан ұлым қоңырау шалды», - дейді Абайдың әкесі Асубай Қимбаев.

Әкесі ұлының бір ұрлықтың үстінен түсіп, сол үшін жазаланды ма деген пайымы да бар. Дегенмен, ата-анасы жоғалған ұлдары туралы арызданғанымен, сол сәтте іздеу жүргізген құзырлы органның жұмыстарына көңілі толмай отыр.

«Екі сағаттай ғана іздеу жүргізіп, артынша жанармайымыз таусылды деп кетіп қалған құтқарушылардың тікұшағы өз алдына, тіпті Абай мінген аттағы ертоқымды 20 күннен кейін ғана айғақ зат ретінде тексеруге алып отыр. Бәлкім ертерек сол ертоқымды алып, тексергенде бір ұшығы табылар ма еді», - дейді Абайдың әкесі.

Қазір Асубай Қимбаевтың көмек сұрап, қақпаған есігі қалмаған. Қолұшын беріп, іздеу жұмыстарына жұмыла кіріскен ағайындар саны біршама болғанымен әзірге нәтижесіз. Ата-ана 19 жастағы ұлын өлді дегенге қимайды, үмітін үзбейді.

Айта кетерлігі, Абай Ақсу ауданы Қопа ауылынан жоғалып отырған бірінші адам емес. Жыл басында Маузайхан Әлімхан есімді азамат із-түзсіз жоғалып, әлі күнге дейін табылған жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265563-almaty-oblysynda-eki-ay-buryn-mal-izde.html