RU

Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды

Қаскелеңде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаев ісі бойынша бас сот отырысы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сотқа айыпталушының туыстары келді. Баян Есентаева сотқа келмеді.

«Тараптардың өкілдері келген соң сот залында алқа билер іріктеледі», - деп атап өтті айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов.

Еске сала кетейік, Баян Есентаева емделуін жалғастыруда. Оқыс оқиға 10 маусымда орын алды. Есентаев оны пышақпен жарақаттаған. Тележүргізуші ауыр халде Талғар ауруханасына жеткізілген. Онда оған ота жасалды. Ал күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар АІІБ-ге жеткізілді.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі және 24-бабының 3-бөліміне ауыстырылды.

Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бабы, 121-бабының 1-бөлімі, 99-бабының 1-бөлімі, 24-бабының 3-бөлімі бойынша айыптар тағылды.

Сот жабық режимде өтуде. Есентаевтардың қызы - Айсәуле Бақытбек сотта әкесін қорғайды. Істі алқа билер соты қарайды.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Отандық танымал тұлғалардың "тоқалдары"

Баян Есентаева бір фильмде екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны жақтап шықты

Жамбыл облысында араб шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр

Шымкенттегі мектеп қоршауына ілінген мүшеқап жұрттың жағасын ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265565-baqytbek-esentaevtynh-isi-boyynsha-bas.html