RU

Шымкентте жол апатына ұшыраған екі көлік отқа оранды (видео)

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін екі көлік отқа оранды деп хабарлайды Қазақпарат.

Апат Шымкентте Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында орын алды. Ауди көлігі мен Газель соқтығысты.

Соққыдан дөңгелек жарылған, артынша лап еткен жалын екіншісін шарпыды.

Машина жана бастады. Жүргізушілер өртті сөндірмекке әрекеттенді. Сол кезде үшінші дөңгелек жарылды.

Жүргізушілер жеңіл жарақаттанды, көліктерде жолаушылар болмаған. Жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтады.

Полицейлер апат себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да орынсыз ақша жинайтын директордан шаршаған мұғалім дауға қалды (видео)

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды(

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265782-shymkentte-zhol-apatyna-ushyraghan-eki-ko.html