RU

Есентаевтың ісі бойынша алқа билерге кандидаттарды іріктеу үдерісі жарамсыз деп табылды

Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтеді деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алқа билерге кандидаттарды іріктеу процедурасы жүргізілді, алайда сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты. Сондықтан келесі сот отырысы 18 қазанда Талдықорғанда өтеді. Кандидаттардың саны 17-ден аз болды. Заң бойынша іріктелген үміткерлердің саны 17-ден кем болмауы тиіс», - деп атап өтті айыпталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Ол 17-ден астам үміткер келгенін, алайда әрбірі өз құқықтарын, сотқа қатысушылар өз құқықтарын жүзеге асырғанын айтты.

«Қорғаушы тарап себебін айтпай үш алқа би үміткерін тізімге алмау құқығын пайдаланды, мемлекеттік айыптаушы екі алқа би үміткерін алып тастады, осылай заңда көрсетілген межеден үміткерлер саны аз болып қалды. Сондықтан сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты», - деп түсіндірді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1265949-esentaevtynh-isi-boyynsha-kelesi-sot-ot.html