RU

Астаналық бойжеткен байлыққа мастанып, анасын тастап кетті

Қызылордалық Жақыпбек Рысқұлов деген азамат бұдан бір жыл бұрын жоғалған 23 жастағы қызы Гүлфайруз Рысқұлованы әлі де жанұшырып іздеп жүр, деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Осыған дейін де бірнеше рет ақпарат көздерінде берілген іздеулер нәтиже бермеген. Қыздың сектаға кіріп кетуі мүмкін екендігі айтылып отыр.

Із-түзсіз кеткен қыздың ата-анасы 2000 жылы ажырасып кеткен екен. Гүлфайруз анасымен бірге Астанаға қоныс аударған. Бүгінге дейінгі екі жақты жүргізілген іздеулерден еш нәтиже жоқ, дейді қыздың әкесі Жақыпбек Рысқұлов.

«Гүлфайруз, қызым, бір жыл болды ғой, біз сені сағындық. Неге хабарласпайсың? Көрген-білгендер болса, хабарлассын. Сүйіншісі бар», - деген әке қызының табылып қаларынан үмітті.

Естеріңізге сала кетсек, Гүлфайруз Рысқұлова 2015 жылдың 20 маусымында анасымен ұрсысып, киім-кешегін жинап, үйден кетіп қалған.

Анасы Шара Рысқұлованың сөзінше, қызының жеке кәсібі болған. Ол пәтерді жалға берумен айналысқан көрінеді. Шара қызы жоғалмас бұрын оның Өзбекстаннан келген бір азаматпен байланысы барын байқаған.

"Өз бизнесін жүргізгелі оның әмиянына ақшасы сыймай жүретін. Соңғы кездері қызымның мінезі, туыстарға деген қарым-қатынасы өзгере бастады. Ақша оны желітіп жіберді. Сонда мен оған «оны бір қажет нәрсеге салу керек, әйтпесе, бұл ақша жақсылыққа апармайды" деп ескерткенмін. Мені тыңдамады, үйге келмей қалатынды шығарды. Себебі өзі жалға беріп жүрген оннан астам пәтері болды. Сосын сол жігітпен байланысты. Ол оған бизнесте көмектескен секілді, пәтерлерге жиһаз алып беріп жүрді. 20 маусымда біз сол үшін қатты сөзге келіп, қызым үйден кетіп қалды», - деп еске алады Шара Рысқұлова

Осы жанжалдан соң, "кішкене сабасына түссін" деп Шара қызын бірден іздемегенін айтты. Алайда, үйге қайтуға ниеті жоғын сезген анасы бір айдан соң іздеу шараларына кіріскен. Бас кезінде телефон қоңырауын қабылдамай жүрген Гүлфайруз Рысқұлова, кейінірек нөмірін мүлде қоспайтынды шығарыпты.

"Енді қай тауға барып іздерімді білмедім. Полициядан хабар жоқ, көріпкелдер айтқан адрестерге барып келдім, Алматыға да, Талғарға да. Тіпті ДНҚ анализін тапсырып үлгердім. Өйткені мәйітханадан бір жолы хабарласып, бір қыздың сүйектерін таптық деп еді. Менің қызым емес болып шықты", -  дейді анасы.

Шара Рысқұлова қызының тірі жүргеніне сенімді. Соңғы рет қызды сәуір айында Астана қаласында көргендер бар.

Жоғалған Гүлфайруз Рысқұлова мысықтарды ұнататын дейді. Былтыр күзде Астананың шетінде орналасқан қараусыз үй жануарларының орталығына бірнеше мысық алып келген екен. Орталықтың қызметкері Мираның айтуынша, Гүлфайруз Рысқұлова үстіне ұзын, жабық көйлек киіп, басына орамал тағып келген. Жанында сақалды үш жігіт болған.

«Жаныңдағы адамдар кімдер?» деп сұрағанымда: «Олар - менің бауырларым» деген жауап алдым. Осы іске байланысты мені куәгер ретінде астаналық полицейлер жиі шақырады», - дейді Мира.

Рысқұлова Гүлфайруз Жакыпбекқызы 1993 жылы 19 наурызда дүниеге келген. Ол туралы қандай да бір мәліметтеріңіз болса, жоғалған қыздың жақын туыстары төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды: +7 7242 26 28 16, +7 705 980 53 11 немесе 102.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

"Ким Кардашьян" атанып кеткен қазақ қызы Қазнетті жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266070-astanada-anasymen-renzhisip-uyden-ket.html