RU

Алматыда автобустан шыққан жасөспірімді троллейбус қағып кетті (фото)

Алматыда аялдамада автобустан шыққан жасөспірімді троллейбус қағып кетті. Бұл туралы жасөспірімнің анасы Екатерина Ли Facebook әлеуметтік желесіндегі жеке парақшасында хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, оқиға Алматы қаласындағы Абай көшесінде, «Сайран» метро стансасы маңында болған.

«Аялдамаға келіп жеткен №25 автобус жүргузішісі тоқтауға рұқсат етілмеген жерге тұрып, адамдарды қоғамдық көліктен тезірек түсуге мәжбүрлеген. Бірінші болып, 15 жастағы жасөспірім түскен, сол сәтте арғы жағынан келе жатқан троллейбус оны қағып кеткен. №25 автобус жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Көлік соққан бала қазір ауыр хәлде ауруханада жатыр», - деп жазды Екатерина Ли.

Троллейбус тиесілі «Green Bus» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев оқиғаға қатысты «ҚазАқпарат» тілшісіне түсінік берді. Оның айтуынша, оқиға 27 қыркүйек күні кешке болған.

«№25 автобус аялдамаға бөлінген орынға толық тоқтамастан жолдың екінші жолағынан, жол ортасында жолаушыларды түсірген. Яғни, қауіпсіздік шараларын сақтамады. Бұл жол ережесін өрескел бұзу болып есептеледі. Сол уақытта біздің троллейбус жүргізушісі аялдама орнына кіріп келе жатады. Осы уақытта автобустан жүгіріп шыққан 15 жастағы жасөспірім троллейбусқа соғылған. Жүргізушіміз бірден тоқтап, балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. № 25 автобус жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалды», - деді Кулишев.

Оның айтуынша, бала бірден ауруханаға жеткізілген. Автопарк қызметкерлері кеше оның көңілін сұрап шықты.

«Бүгін жүргізушілер 50 мың теңгеден жинап, баланың еміне берді. Троллейбус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді. Біз өз жауапкершілігімізден қашып отырғанымыз жоқ. Егер №25 автобус жүргізушісі талап етілген орынға тоқтағанда мұндай оқиға болмас еді. Біздің жүргізуші де күтіп тұруы керек еді», - деді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

"Ким Кардашьян" атанып кеткен қазақ қызы Қазнетті жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266152-almatyda-avtobustan-shyqqan-zhasospir.html