RU

Тищенко қазақтарды ұлт ретінде сыйламаймын дегені үшін кешірім сұрады (видео)

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко өзінің «Ол ұлтты сыйламаймын» деген сөзі үшін қазақтардан кешірім сұрады. Оның айтуынша, аталған бейнебаян эфирге арналмаған болатын. Оны жасырын камерамен түсіріп алды деп хабарлайды Baq.kz Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, жақында ресейлік боксшы Евгений Тищенко «Комсомольская правда» радиосына сұхбат беріп, Василий Левиттің жанкүйерлері туралы әңгіме қозғалғанда: «Я их не сильно уважаю на самом деле. В принципе нацию не уважаю», – деген қызба пікірін айтып қалды. Студияға келген спорт сарапшысы оны дер кезінде тоқтатқан болатын.

«Бұл сөзді жарыққа шығармауы тиіс еді. Оны кәдімгідей жасырын камерамен түсіріп алды», - деді Тищенко телефон арқылы хабарласқан тілшіге.

Оның сөзіне қарағанда, Рио Олимпиадасынан келгеннен кейін қазақстандықтар ғаламтор арқылы оған көптеген жағымсыз комментарийлер жазды. Содан көңілі бұзылып жүрді.

«Шын мәнінде, ол ұлтқа қарсы ештеңем жоқ. Мәселе мынада, маған қазақстандық жанкүйерлердің балағат сөздері жазылған көптеген комментарийлері ұнамайды. Оның бәрі реніш туғызады екен. Мен өзім кешірім сұраймын. Алайда соншама жағымсыз сөздерді естігім келмейді. Төрешілер шешімін қабылдаған мен емеспін ғой», - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

"Ким Кардашьян" атанып кеткен қазақ қызы Қазнетті жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266156-tishchenko-qazaqtardan-keshirim-surady-v.html