RU

Ақтөбе әкімдігі 2 млн теңгелік креслоға не үшін тапсырыс бергендерін түсіндірді

Ақтөбелік шенеуніктің 2 млн теңгеге не үшін орындық сатып алмақ болғанын баспасөз мәслихаты кезінде облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов түсіндірді деп хабарлайды baq.kz.

Оның айтуына қарағанда мемлекеттік сатып алу басқармасы лоттарды орналастыру кезінде қателік жібергендігі анықталған.

Облыс әкімінің орынбасары брифинг барысында журналистің қойған сауалына жауап беру барысында осыдан біраз бұрын мемлекеттік сатып алулар арқылы 2 млн теңгеге орындық (кресло) сатып алған әкімшілік қызметкерлеріне қатысты шаралар қолданылғанын айтты.

«Бізде жақында ғана құрылған мемлекеттік сатып алу басқармасы бар. Онда 10 мыңдай сатып алу, яғни лоттар бар. Сол жерде 63 мың теңгеге сатып алу керек деген жерге артық ноль жазылып кеткен. Содан 630 мың теңге болып шыққан. Ол, әрине, қоғамда біраз дау-дамай тудырды. Мен бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Қазір бұл қате түзетілді» - деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов.

Оның айтуына қарағанда, лотты мемлекеттік сатып алу сайтына орналастырған қызметкер тиесілі жазасын алған.

«Суағар сатып алынды. Соңғы рет облыс әкімдігінде жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді. Иә бұған халық наразы, бірақ жұмыс алға басу керек. Жөндеу жұмыстары жасалып, орындықтар сатып алынып, конференц-зал заманауи үлгіде жабдықталуы тиіс», - деп түсіндірді өңір басшысының орынбасары.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Ақтөбе әкімдігінің сайтында бар-жоғы үш-ақ орындықтың 630 мыңға, бір суағар 1,6 млн теңгеге және ыдыс-аяқ жарты миллионға, бір үтік 90 мың, ауа тазартатын құрал 292 мың теңгеге бағаланып, тапсырыс берілгені туралы айтылған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Бауыржан Исламхан тамыз айының үздік футболшысы атанды

Миына қан құйылған Израильдің экс-президенті қаза болды

Дәрігерлер жүрегі сыр берген Атамбаевтың жағдайын айтты

Ақтөбеліктер "91" тобын қалаға аттап бастырмаймыз деп ашуға мінді (фото)

Мәдина Сәдуақасованың стилисі әншінің қатігез екенін жайып салды

"Ким Кардашьян" атанып кеткен қазақ қызы Қазнетті жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266169-aqtobe-akimdigi-2-mln-tenhgelik-kreslogh.html