RU

Сапарбаев қала әкімінен қарызға ақша алып, президент жеген шоколадты сатып алды (видео)

Ақтөбеде «AKTOBE INVEST 2016» IV халықаралық инвестфорумы өтуде. Форумға келген қонақтарды өнеркәсіп көрмесіне ертіп әкелген облыс әкімі инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Альберт Рауға күтпеген жерден сый жасады.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақтөбедегі тәтті шығаратын компанияның жанына қонақтарды ертіп әкелген Бердібек Сапарбаев отандық өнімнің сапасын мақтады. Шоколадтан жасалған қызыл туфлиді қолына алған әкім бұл жерден тәттілердің түрін табуға болатынын айтты.

Вице-министр Альберт Рау да әкімнің сөзінің рас екенін айтып, тек қана Ақтөбеде жасалатын шоколадты президенттің өзі дәмін көрді деп мақтады.

«Бердібек Машбекұлы, жент қосылған шоколадтың дәмін президент көрді. Өте тамаша. Мұндайды тек ақтөбеліктер жасай алады»,- деді вице-министр Альберт Рау.

Өңір басшысы қала әкімінен қарызға ақша сұрап, вице-министрге мақтаған шоколадын қолына ұстатты. Бағасы 21 мың теңге тұратын шоколадты компания қызметкерлері әкімге сыйға бергісі келгенімен, қала әкімі тәттінің ақшасын берді.

Көрмені аралау барысында отандық өнім саналатын қостанайлық «Баян сұлу» тәттілерін де сатып алған әкім көрме қонақтарына сыйға берді.

Форум барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг өздері басқарып отырған өңірлер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына қол қойды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақтөбе облысы мен өңіраралық кооперацияны дамытуға ниетті. Жалпы алғанда инвестфорум аясында 16 меморандум мен келісімге қол қойылды.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкентте жол апатына ұшыраған екі көлік отқа оранды (видео)

Меги тайфуны Қытай көшелерін тасқынға айналдырды (фото)

Париждің сән апталығында намаз оқығанда киетін көйлектер көрсетілмек (фото)

Сымбатты болудың он құпиясы

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266176-saparbaev-qala-akiminen-qaryzgha-aqsha.html