RU

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Жамбылдағы Меркі мұнай базасындағы жарылыстан жапа шеккен тағы бір жұмысшы қайтыс болды. Денесі қатты күйіп, жансақтау бөліміне жатқызылған 48 жастағы дәнекерлеуші ауыр жарақатты көтере алмаған.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұған дейін серіктесіктің бас инженері қайтыс болған еді. Олардың денесін 100 пайыз күйік шалған.

"Бүгін кешкі сағат 18-40 та күйіктен зардап шеккен екінші азамат қайтыс болды. Ол азамат 1968 жылғы Тараз қаласының тұрғыны, сол мекеменің дәнекерлеушісі болып жұмыс істейтін. Өз-өзіне келмеген күйінде, тыныс алу аппаратына таңылған күйінде кетті. Ал, үшінші науқас ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Жағдайы аса ауыр хәлде. Дәрігерлер қолдан келген барлық жағдайды жасауда", -  Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз бөлімінің басшысы Толқын Өмірбаева.

Еске салайық, оқыс оқиға өткен бейсенбіде жанармай құю кезінде болған. Қас қарайған уақытта Меркідегі Мұнай базасы отқа оранып, үш адам 90-100 пайыздық күйікпен ауруханаға жеткізілген еді.

Тағы да оқыңыздар:

"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды

Шымкентте жол апатына ұшыраған екі көлік отқа оранды (видео)

Меги тайфуны Қытай көшелерін тасқынға айналдырды (фото)

Париждің сән апталығында намаз оқығанда киетін көйлектер көрсетілмек (фото)

Сымбатты болудың он құпиясы

 Сапарбаев қала әкімінен қарызға ақша алып, президент жеген шоколадты сатып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266309-zhambyl-oblysynda-zharylystan-zhapa-shek.html