RU

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы көлігімен қаққан 28 жастағы Мейіржан Қасымғалиевтің диагнозы мен оның емделу барысы жайында айтып берді.

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, жас жігіт «Жарақаттану және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РММ-де емделіп жатыр. Порталдың тілшісіне медицина мекемесінің мамандары пациент ауруханаға түскен кезде бас ауыратынын, жүрегі айнып, жамбасы ауыратын айтқан. Жедел жәрдем көлігінде ол бірнеше рет есінен танған.

Тексеру барысында дәрігерлер оның оң жақ аяғын басып тұра алмайтынын, тыныс ала алмайтынын, ауа жетпейтінін, жалпы әлсіздік, бұрын болған жайттарды есте сақтау қабілетінен айрылғанын анықтаған.

Клиникалық және рентген зерттеулері нәтижесінде оған «қосарлас жарақат, жабық бас сүйек-ми зақымы, миы қозғалған, жанбас сүйектері сынуы нәтижесінде орнынан қозғалған, бет және кеуде жарақаты» диагнозы қойылған.

Жарақат бөлімінің дәрігері Валерий Ивановтың айтуынша, пациент ауыр халде түсіп, үш күн жансақтау бөлімінде жатқан.

«Қазір оның жағдайы бір қалыпты, енді иығына оперция жасау мәселесі тұр. Ол қазір өз бетінше тұрады, аяғын басады. Әбден жазылмайынша, ауруханада болады», - деді Иванов.

Дәрігер оның невропатолог, нейрохирург және жанбас сүйегінің сынықтарын емдеп жатқан дәрігерлердің қарауында екенін айтты.

«Оның жарақаттары ауыр. Қашан жазылатынын айту қиын. Оған қалпына келу үшін уақыт керек. Біз ол жұмысқа қабілетті болады деген үміттеміз. Сол үшін жағдай жасаймыз»,- деді дәрігер.

Атап өтейік, жас жігіттің туыстары денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігіне Мейіржан Қасымғалиевті емдеу үшін барлық жағдайды жасауды сұрап арыз жазған.

Еске сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның қызы Айдана Көпбосынова Астанадағы "Бәйтерек" монументі алдында жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Елімізде жыныстық жолмен СПИД жұқтырған әйелдер саны көбейген

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды

Париждің сән апталығында намаз оқығанда киетін көйлектер көрсетілмек (фото)

Сымбатты болудың он құпиясы

 Сапарбаев қала әкімінен қарызға ақша алып, президент жеген шоколадты сатып алды (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)
Mailfire view pixel