RU

Полицей Жүнісов: Әкеміз – Назарбаев. Біз бәріміз "назарбаевшымыз"

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанайдағы жұртшылықпен жүздесуі тағы бір қызықты жайтпен есте қалды деп жазады dalanews.kz.

Кездесуде Ішкі істер министрлігі оқу орталығы директорының орынбасары Амантай Жүнісов сөз алған.

"Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің әкеміз, біздің мемлекеттің қабырғасын қалаған адам. Қазақстандағы барлық тұрғындар – “назарбаевшылар”. Осы себепті біздің мақсатымыз балаларымыз бен немерелерімізді “назарбаевшылар” қылып тәрбиелеу” – деді өз сөзінде Жүнісов.

Жүнісов сөзін аяқтағаннан кейін Елбасы:

"Бұл ескі лозунгтерге ұқсайды. Мені мұншама асыра мақтаудың қажеті жоқ. Сендер болашақ полицейлерді баулып жатырсыңдар. Осы себепті олардың құлағы тәртіп сақшысының негізгі принциптерін құюға тиістісіңдер", – деді.

Президенттің айтуынша, жолдағы пара алу және пара берумен күресу керек.

"АҚШ-та пара беру туралы түсінік жоқ. Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің жалақасы жақсы. Полиция адамның досы болуы керек. Халық өзін қауіпсіз сезінуі тиіс", -  деді президент.

Еске сала кетейік, тағы бір Қостанай тұрғыны президент келгенде қалада күннің нұрланып кететінін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Елімізде жыныстық жолмен СПИД жұқтырған әйелдер саны көбейген

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Қазақстанда Әлия Назарбаеваны жылатқан фильм түсірілді

Арнайы жасақ Ақтөбе халқын тағы бір дүрліктірді (фото)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266413-policey-zhunisov-akemiz-nazarbaev-b.html