RU

Қазақ есімдерін жатқа білетін Шотландиядағы бес жасар балақай Қазнетті сүйсіндірді

Алматылық "Қайраттың" Шотландиядағы жанкүйері Саймон Хиддинк желіге қазақ есімдерін жатқа білетін ұлының видеосын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бес жасар балақай қазақ ойыншыларының есімін жаттап қана қоймай, клуб легионерлерін де жаттап алған. Видеода ол Исламбек Қуат, Жерар Гоу, Владимир Плотников, Бауыржан Исламханның есімдерін тізбектеп шығады.

Баланың әкесі қазақ футболшыларының жанкүйері екені бұрыннан белгілі. Хиддинк - Глазго тумасы. Неге екені белгісіз, бұл азамат - алматылық "Қайраттың" табынушысы. Ол, тіпті матчты тамашалау үшін Алматыға ұшып келген болатын.

Ер адам ұлы болашақта алматылық клубта ойнайды деген арманы барын жасырмайды.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Ресеймен ара-қатынасын үзетіндігін қатаң ескертті

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Қазақстанда Әлия Назарбаеваны жылатқан фильм түсірілді

Арнайы жасақ Ақтөбе халқын тағы бір дүрліктірді (фото)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266517-qazaq-esimderin-zhatqa-biletin-shotlan.html