RU

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бангладеште дүниеге келген сәбидің бетін әжім басып, терісі қартайып кеткен.

Оның басындағы шашы дүниеге келмес бұрын толық шығып, арқасын жүн басқан, деп хабарлайды британдық Mirror-ға сілтеме жасаған 24 арна.

Дәрігерлердің айтуынша, бала прогерия деген науқаспен туған. Мұндай аурудан адамның денесі көзді ашып-жұмғанша қартайып, ол өмір сүрудің күнделікті қалпынан бас тартуға мәжбүр болады екен.

Бұл өте сирек кездесетін науқас Жер бетіндегі әрбір 4 миллион халықтың біреуінде кездеседі. Бірақ, осының барлығына қарамастан, қазірдің өзінде сексеннің сеңгіріне жеткен қарттай көрінетін сәбидің ата-анасы «бұл баланы Құдайдың бергеніне шүкіршілік ететіндерін» айтады.

Ерлі-зайыптылардың бұл сәбиден өзге бір қызы бар.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ Ресеймен ара-қатынасын үзетіндігін қатаң ескертті

Жамбыл облысында жарылыстан жапа шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

Қазақстанда Әлия Назарбаеваны жылатқан фильм түсірілді

Арнайы жасақ Ақтөбе халқын тағы бір дүрліктірді (фото)

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)
Mailfire view pixel