RU

Қазақстаннан шыққан опера әншісінің Италиядағы өмірі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ол 5 жасында жеке альбомын шығарған әлемдегі ең жас әнші ретінде әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енген қыз. Ол 16 жасында "бакалавр", ал 18 жасында "магистр атанған". NUR.KZ порталы оқырман назарына Қазақстаннан шыққан танымал опера әншісі Мария Мудряктың шетелдегі өмірінен үзінді ұсынады.

Үш жасында ән айта бастаған дарынды қыздың даусы сол кезден-ақ музыка мамандарын бей-жай қалдырмаған екен. 5 жасында-ақ Планетаның ең жас әншісі атанған Мария өзінің жеке альбомын шығарып, әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енді.

Көп уақыт өтпей ол жұртты тағы да таң қалдырды. Ерекше "сопрано" дауысты қызды 12 жасында Италияның Милан қаласындағы "Дж. Верди атындағы" мемлекеттік консерваторияға оқуға қабылдап, әлемдегі ең жас бакалавр студентіне айналады.

Үлкен опера сахнасына шығам деген асқақ арманды ол басқа қыздар қуыршақ ойнап жүргенде армандағанын жиі айтады.

Дарынды қыз опера саласындағы әйгілі итальяндық ұстаздардан білім алды. Әлемде теңдесі жоқ дауыс иелерінің мақтауын естіді.

Мария бүгінде әлі Италияда тұрады. 16 жасында "бакалавр", 18 жасында "магистр" атанған қыз әлемнің әйгілі опера сахналарында өнер көрсетіп жүр.

Бұл саладағы түрлі марапаттардан да ол құралақан емес.

Әнші бала күнінде Италияға анасымен бірге барып, пәтер жалдап тұрды. Оның ақысы арзан болмаған, дегенмен ол ата-анасының арқасында бұл қиындықтан да өтеді.

Бұл кезде оның әкесі елде қалып, жұмыс жасап, қызы мен жарының тамағына, жатын орнына ақша жіберіп отырған.

Әдетте, опера өнерінде 26-27 жастағы әншілер жас саналады екен, тіптен 30 жастағы әншілердің тәжірибесі мен біліміне күмәнмен қарайды екен.

Бірақ, 18 жасында ұстаздық ету құқығына ие болған қыз ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде көп жетістіктерге жеткен.

2011 жылы ол Италияның ең үздік опера әншісі болып танылған. Осылайша, оның кәсіби опера өнеріне жол ашылды.

Мария Мудряк Павлодар қаласының тумасы болғандықтан, ол Қазақстанға жиі келіп тұрады.

Қолы бос болса, тіптен, шағын кештерге де келуден қашпайтын көрінеді. Себебі, Қазақстанда оның туған-туыстары тұрады.

"Қайда жүрсем де Отанымның қолдайтынын сезем", - деген Маша өзінің бір сұхбатында.

Биыл көктемде ол Қазақстанда келіп, тұңғыш рет өзінің опера кешін өткізді. Оған түрлі қазақ операсының майталмандары, өнер қайраткерлері қатысты.

Мария Мудряк ән айтудан бөлек жан-жануарларды жақсы көреді екен.

Ол болашақта иесіз қалған жан-жануарларға арналған "үй" ашпақшы.

Сонымен бірге, ол қайырымдылықпен айналысқанды ұнатамын дегенді айтады.

22 жасында опера әншісі үшін де, жалпы кез келген адам үшін де орасан зор жетістікке жеткен қыз мұны "тағдырдың" арқасы деп есептейді.

Білім мен дарынына сүйене әрекет ететін, Қазақстаннан шыққан әлемге танымал опера әншісі бүгінде бүкіл әлем көз тігетін әншіге айналып отыр.

Тағы да оқыңыздар:

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Полицей Жүнісов: Әкеміз – Назарбаев. Біз бәріміз "назарбаевшымыз"

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстаннан шыққан опера әншісінің Италиядағы өмірі
Mailfire view pixel