RU

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының "Қайратында" өнер көрсетіп жүрген ресейлік Андрей Аршавин Қазақстан туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Бұл туралы "Спорт день за днем" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Аршавин Қазақстанда жүріп, қазы жегенді ұнатып қалғанын айтады.

"Мен жылқы етін бұрыннан да жейтінмін. Сондықтан қазы ұнады. Ал бешбармақ соншалықты ұнай қойған жоқ. Өзбекстанға жақын орналасса да, Қазақстаннан әлі дәмді палау жеген жоқпын", - дейді Аршавин.

Сонымен қатар, футболшы Швейцариялық клубтардың бірінде ойнауға қалай қарайсыз деген сұраққа да жауап берді.

"Маған Алматы ұнайды. Мұнда бәрі тамаша. Достарым да көп. Шынымды айтсам, орысша сөйлемейтін елдерге барғым келмейді. Ал Қазақстанда бұл тұрғыдан қиындық жоқ. Мұнда бәрі орысша сөйлейді. Тура Ресей сияқты", - деді футболшы.

Бүгінде Алматының "Қайратында" ойнайтын Аршавин 8 гол соғып үлгерді.

Тағы да оқыңыздар:

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Полицей Жүнісов: Әкеміз – Назарбаев. Біз бәріміз "назарбаевшымыз"

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді
Mailfire view pixel