RU

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық журналист Жанар Байсемізова қалайша кәрі қыздар қатарын толықтырғанын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеке өмірі туралы сауалдардан әбден мезі болған журналист жұрттан кәрі қыздардың жүрегіне одан сайын қаяу түсіре бермеуді өтініп отыр.

«Айтқым келетіні, бізді аямай-ақ қойыңыздар. Негізі аяуға болмайды. Сіздер бізді аяған сайын біз аяушылық сезім тудыратын жағдайда қала береміз. Ешкім бұл өмірде жалғыз қалғысы келмейді. Біздің уақытында неге тұрмыс құрмай қалғанымыздың себеп-салдары өте көп. Көбінесе, бір-ақ сөзбен жауап беруге болатын шығар – Тағдыр! Қазақстанның кәрі қыздары қатарын толықтырам деген ой менде де болған емес. Қалайша болып қалғанын байқамай да қалыппын!» - деп ақталды журналист.

Тележурналист қазіргі бойдақ жүрісін жақсы көретінін және одан ләззат алатынын жеткізді.

«Қазір мен өзімнің осы күйімді қабылдаймын және жақсы көремін. Ләззат аламын. Шаттана да, қуана да аламын. Әрине, отбасылы болу, жар сүю, бала сүюден артық ешнәрсе жоқ шығар. Енді олар болмады деп өз-өзіңді өлімге қию керек пе?» - деп күйінеді журналист.

Жанар Байсемізова уақыты келіп тұрған қыздарды энергияларын босқа құртпай, тезірек тұрмысқа шығып, күш-қуатты саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ерлеріне қызмет етуге шақырды.

Журналисттің ойынша, әлсіз ер адамдар мен гейлердің көбейіп кетуіне тек осылайша жол бермеуге болады.

Тағы да оқыңыздар:

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Полицей Жүнісов: Әкеміз – Назарбаев. Біз бәріміз "назарбаевшымыз"

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді
Mailfire view pixel