RU

"Ислам мемлекеті" тұтқынға түскен қыздарды секс-құлдықта ұстауда

ИШИМ лаңкестерінің тұтқынға түскен қыз-келіншектерді Сауд Арабиясындағы жасырын аукциондарда саудалап келгені белгілі болып отыр.

Бұл жайында Ирак әскерилері дәлел келтірді деп жазады muslim.kz.

Ирак әскерилері Аш-Ширкат қаласын азат ету барысында қаза тапқан содырлардың бірінің қалта телефонынан «қыздар саудасының» суреттерін тауып алған. Суреттегі сатып алушылардың саудиялық дәстүрлі киімде екені анық аңғарылады. Бұл жайында India Times баспасына сілтеме жасай отырып, IslamNews сайты хабар таратып отыр.

«Суреттер Сауд Арабиясындағы жасырын аукционда түсірілген. Сондай-ақ, телефон иесінің қонақ үй ішінде тұтқын әйелдермен болған әдепсіз әрекеттерінің де суреттері де бар. Суреттердің түсіріліген уақыттарына сәйкес оның ұзақ уақыт бойы ИШИМ құрамында болғанын айтуға болады», – дейді ирактық әскери зерттеуші.

Секс-құлдыққа түскен қыз-келіншектерді тек саудиялықтар ғана емес, Батыс мемлекеттері мен басқа да елдердің азаматтары сатып алатыны жайлы деректер бар.

Жақында ғана секс-құлдықтан азат етілген 18-жастағы бойжеткен өзін сатып алған «қожайыны» мен радикал арасындағы диалогты құлағы шалып қалғанын айтады. Әлгі лаңкестің айтуынша, «тек сириялықтар мен түріктерге және Таяу Шығыс мемлекеттерінің азаматтарына ғана үш әйелден артық сатылатын көрінеді».

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266827-islam-memleketi-tutqyngha-tusken-qyzd.html