RU

Бас прокурор: Астанадан қонақ келеді деп қой сойып, дастархан жаюдың қажеті жоқ

Бүгін Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов қасына 200 маман ертіп, Ақтөбеге келді. Облыс активінің алдында сөз сөйлеген бас прокурор орынтағынан жерге түсіп, Ақтөбеде бір ай жұмыс істеуге келгенін айты.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Жерге түсіп, бір айға жұмыс істеуге келдік. Астанадан 200-ден аса адам келді. Олардың көбі мемлекеттік қызметкер емес. Психолог, теолог, имамдар мен дәрігерлер бар. Біз жергілікті мемлекеттік органдарды тексеруге келген жоқпыз. Астанада отырып бар күшімізді заң шығаруға жұмсаймыз. Олар неге тиімді орындалмайды? Астанадағы кабинетте отырып, өңірде болып жатқандарды біле бермейміз. Сондықтан осы елді аралау туралы бастама қолға алынды. Оны естіген Бердібек Машбекұлы сапарымызды Ақтөбеден бастауды ұсынды. Ақтөбеде жергілікті проблемаға үңіліп, оларды шешуге күш салынады. Бір айда барлық проблеманы шешу мүмкін емес. Бірақ, нақты іспен жұмыс жасалатын болады»,- деді Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов.

Бас прокурор ақтөбеліктердің алдында тұрып, бас қаладан келген қонақтарға шашылып дастархан жайып, оларды бұзбауды сұрады.

«Бердібек Машбекұлы, Астанадан қонақтар келіп жатыр деп қонақ үй жалдап, қой союдың қажеті жоқ. Өзім бұрын қалада жұмыс істедім, қонақ күтуді білемін. Сондықтан шығындалмауды сұраймын. Қызметкерлерді бұзбау керек. Балыққа бару, аңға шығу, қонаққа бару керек емес, сіз ренжімеңіз», - деген бас прокурордың ұсынысын облыс әкімі қуана қабылдады.

«Ренжімейміз, қайта шығындалмайтын боламыз», - деді Бердібек Сапарбаев.

Бас прокурор қонақ болып кететіндердің бақылауда болатынын ел алдында ескертті.

«Астанада келісіп, арнайы органдармен келдік. Дастархан жайған да, қонаққа барған да жауап беретін болады. Келісіп алайық. Жеті бағытта жұмыс жасалатын болады: халық арасында түсіндіру, шағын кәсіпкерлерге көмек, әлеуметтік проблемаларды шешу, діни ахуалды жақсарту, ақпараттандыру жұмысы, құқық қорғау қызметін арттыру. Әр бағытты вице-министр басқарып келді», -деді Асанов.

Бас прокурордың алдында облыс әкімі Ақтөбедегі жағдайдың тұрақты екенін айтты.

Дәстүрлі емес діндер тобын анықтау үшін бас прокуратура мен Астанадан арнайы келген 200 адам Ақтөбе облысында 1 ай жұмыс жасайды.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266862-bas-prokuror-astanadan-qonaq-keledi-d.html