RU

Оң босағада отырып қалған отандық жұлдыздар

Елімізде мансап қуам деп жүріп оң жақта отырып қалған арулар қатары күн өткен сайын артуда. Осы орайда NUR.KZ порталы назарларыңызға «кәрі қыз» атанған танымал жұлдыздардың тізімін ұсынып отыр.

Гаухар Әлімбекова

Әншінің жасы 45-те. Екінші жартысын әлі күтумен келеді. Бұл туралы Замана басылымына берген сұхбатында: «Жолыққан жоқ қой. Әлі күтумен келемін. Жасыратын несі бар, маған сезімін білдіретін азаматтар аз емес. Бірақ жүрегімді дір еткізіп, өзіне бірден баурап алатын жанды әлі кездестірген жоқпын. Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін», - дегені бар.

Күнсұлу Шаяхметова

Актриса биыл 38 жасқа толды. Театр, кино, дубляж, жүргізуші, диктор, әншілік қабілеті тағы бар, сегіз қырлы актрисаның бір сырын әлі күнге ешбір жігіт аша алмай келеді.

Мақпал Исабекова

Жасы 32-де. Әнші мәңгі бірге болатын жанның міндетті түрде кездесетініне сенімді. Бір сөзінде: «Мен болашақта өзімнің бақытты болатынымды сеземін. Әнші болатынымды білген сияқты, өз жанұяммен бақытты өмір сүретінімді де білемін. 30 жастан ассам да, тұрмысқа шықпағаныма жақсы жағынан қараймын. Себебі бәрі өз уақытымен», - дейді жұлдыз.

Жанар Дұғалова

Жанар келер жылдың басында 30-ға келеді. Әнші иманды, рухани бай, ақылды, сабырлы жігіттерді ұнататынын айтқан-ды. comode.kz сайтына берген сұхбатында Дұғалова: «Көркі өзім үшін тартымды болса жеткілікті. Өзгелердің пікірі мен үшін маңызды емес. Сондықтан, жүрек үніме ғана құлақ асамын" деп жауап берген болатын. Ал қазір әнші жеке өмірінен гөрі өнерін бірінші орынға қойып келеді.

Луина

29-дағы Луина да ел назарына ілігіп отыр. Естеріңізге сала кетсек, желі қолданушылары оны кәрі қыз деп атап, тезірек тұрмысқа шығуға кеңес берген болатын.

Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшат Жолдыбаева 28-ге келді. Әнші Астана телеарнасындағы «Ел аузында» бағдарламасында өзін біреудің екінші әйелі ретінде елестете алмайтынын қадап айтқан болатын.

Гүлнар Сильбаева

Белгілі актриса, тележүргізуші, бұрынғы КВН ойыншысы Гүлнар Сильбаева жақында ғана 30 жасын тойлады. Үнемі күліп жүретін талантты қыздың әзірге тұрмыс құратын ойы жоқ көрінеді. Шығармашылық жұмыспен қатар, әртіс дұрыс тамақтану талабына сай тағамдарды жасап,  жеткізетін жеке кәсіп ашқан.

Әсел Сәдуақасова

«Дауыс International» тобының бұрынғы әншісі, продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасова 31 жаста.  Әнші тұрмысқа шығуды өте маңызды қадам деп санайды. Сондықтан, оған келгенде он ойланып шешім қабылдаған дұрыс дейді. Әсел өзіне бірінші кезекте сенімді жар іздейді.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266873-onh-bosaghada-otyryp-qalghan-otandyq-zhul.html