RU

Бекхэмге ұқсау үшін химиялық ем қабылдаған жігіт қайран қалдырды

19 жастағы ағылшын жігіті Джек Джонсон ағылшын футболының жұлдызы Дэвид Бекхэмға ұқсау мақсатында түрлі химиялық процедуралар жасаудан қорықпайды деп хабарлайды "Массагет" порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Атаққұмар жас жігіттің бұл әрекеті әлем жұртшылығын таң қалдырмай қоймады. Ол өзінің сүйікті футболшысына ұқсау үшін қазірдің өзінде 20 мың фундтан аса қаржы жұмсаған көрінеді.

Бірақ Джек мұнымен тоқтай қойған жоқ. Ол Дэвид Бекхэмнің егізіне айналуды өзіне мақсат етіп алған екен. Бұл мақсатқа жету жолында ол тіпті химиялық ем қабылдап, бұған 30 мың фунд көлеміндегі қаржысын аямайтынын жеткізді.

Дегенмен, оның бұл арманы жүзеге асар-аспасы белгісіз. Себебі, кейбір дәрілер адам ағзасына кері әсерін тигізуі де мүмкін екен.

19 жастағы жігіттің тағы бір арманы - атышулы тележурналист болу.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1266904-bekkhemge-uqsau-ushin-khimiyalyq-em-qabyl.html