RU

Атырауда қайыр сұрайтын мысық жұртты таңырқатты (фото)

Атырауда қайыр сұрайтын мысық тұрғындардың жүрегін елжіретті деп жазады Ақжайық басылымы.

Атыраулық тұрғынның жазуынша, мысық қайыр сұрайтын ер адамның қасында жаз айында пайда болған. Ер адамның қуғанына қарамастан ол жоқта мысық көңілі жұмсақ адамдардан ақша жинауды жалғастырады екен.

"Үйімнің қасында тілемсек мысық тұрады. Жанынан өтіп кету мүмкін емес! Дүкенге қарсы отырып алып, өтіп бара жатқан адамдардың көздеріне жүректі елжірете қарайтыны сондай... Шындығында ол жерде "бомжға" ұқсайтын бір ер адам қайыр сұрап тұрады. Қайдан екені белгісіз, бұл мысық оның жанында жазда пайда болды. Қасына келіп, жанына отыратын болған. Ер адам оны қанша қуса да кетпеді. Күн сайын таң атқаннан күн батқанға дейін дүкен жанындағы жаяу жүргінші жолында отырады да қояды. Қайыр сұрайтын ер адам аз уақытқа кетіп қалса, орнына мысық отырып, көңілі жұмсақ адамдардан ақша жинауды жалғастырады", - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267067-atyrauda-qayyr-suraytyn-mysyq-zhurtty.html