RU

Тасмағамбетов NUR.KZ-тегі мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекемені тексеретін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталындағы мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекеме тексерілетін болды. Иманғали Тасмағамбетов ОҚО медициналық әлеуметтік мекемесінде орын алған мәселені анықтау үшін арнайы комиссияны жолдады.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ОҚО Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесінде орын алған келеңсіздіктерді анықтау үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің өкілдерінен құралған арнайы комиссияны жолдады.

Аталған комиссияның құрамына әлеуметтік қызмет департаментінің директоры А. Төлегалиева, психиатриялық ғылыми –тәжірибиелік орталығы директорының орынбасары Н. Нигай, қаржы департаментінің директоры Г. Имашева, әлеуметтік қорғау және еңбек комитетінің бас сарапшысы Р. Көшкімбековалар енді.

Ең әуелі комиссия құрамы осы мәселені жіті зерттеп, орын алған олқылықтың себебін анықтауы шарт. Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң жұмыс тобы сараптама қорытындысын жария ететін болады. Бүгінгі күні кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Бас прокуратураға арнайы ұсыныс жасалынды.

Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, заңды бұзған тұлғалар жауапқа тартылады, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін  арнайы шаралар жасалады.

Еске салсақ, күні кеше NUR.KZ порталында Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы туралы хабарланған болатын. Онда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы психоневрологиялық әлеуметтік мекемесіне тоғытылғандар құдды африкалық тұрғындарды еске түсіретіні сөз етілген.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тасмағамбетов NUR.KZ-тегі мақаладан кейін Маржан Тұрлыбаева жатқан әлеуметтік мекемені тексеретін болды
Mailfire view pixel