RU

Нұрлан Оразалин «Абай жолын» кiм жазғанын бiлмейтін жастарды ұлттың қасiретi деп атады

Жазушы, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин жас ұрпақтың «Абай жолын» кiм жазғанын бiлмеуi ұлт қасiретi деп есептейдi. Бұл ойын халық қалаулысы мәжiлісте мәдениет мәселелерiне қатысты заң жобасын талқылау барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«...Сөйлеп жатқан балаларымыз «Абай жолының» авторы кiм екенiн бiлмейдi. Бұл күлетiн нәрсе емес, бұл ұлттың қасiретi. Қазiр кiтап оқу деген қалып бара жатыр. Кiтап оқымайтын қоғамның ақыры қайда баратынын Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалардан бiлемiз. Соңғы жылдары басқа елдермен салыстырғанда бiздiң елде кiтап шығару iсi мүлдем үзiлiп қалған жоқ. 2 мың тиражбен шығатын кiтап 2 мың кiтапханаға жете ме, жетпей ме?! Оқымайтын қоғам пайда бола ма деген үрей бар. Соңғы 10-15 жылдың iшiнде жазушылар одағының басшысы, кейiн сенатор ретiнде осы мәселеге мән берiп, тиiстi жерлердiң бәрiне жеткiзiп келе жатырмыз. Сондықтан мәдениет туралы заңға түзетулердiң енгiзiлгенi өте қажет деп есептеймiн. Егер осы сипатта өтетiн болса, тым болмағанда алдағы он шақты жылға кiтап оқитын қоғамды қайта ұйқысынан оятамыз бе деген үмiтiмiз бар», - дедi Нұрлан Оразалин.

Айта кетсек, жаңа заң жобасында республикалық кiтапханалар санын ескере отырып, басылымдар таралымын қазiргi 2 мың данадан 5 мыңға дейiн ұлғайту көзделген. Алайда, бұл норма республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етедi. Сондықтан қазiргi экономикалық жағдайды ескере отырып, 2018 жылдан бастап қолданысқа енгiзу ұсынылған.

Тағы да оқыңыздар:

Танымал тележүргізуші кәрі қыздардың қатарына қалай қосылғанын айтып берді

Андрей Аршавин: Қазақстан тура Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді

Шетелдік компаниялар Қазақстанның жерін жалға алып үлгерген

Айнұр Тұрсынбаеваның қызы қағып кеткен жігіт есте сақтау қабілетінен айырылған (фото)

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан қуып жіберуді ұсынды

Бангладеште сексендегі қарияға ұқсайтын сәби дүниеге келді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1267360-nurlan-orazalin-abay-zholyn-kim-zhazgha.html